«Электр техникасының теориялық негіздері2» пәні электр энергетикасы бакалаврларын даярлау кезінде теориялық деңгейді анықтайтын техникалық мамандықтардың негізгі түріне жатқызылады. Пәннің құрамына электр энергеиясын таратуда, қолдануда және өндіру кездерінде электрмагнитті құбылысты пайдалану, электр техникасының және технологияларының мәселелерін шешу енгізілген.

«Электр техникасының теориялық негіздері2» пәні айнымалы тізбектегі өтпелі үрдістерді толық қанды зерделеуге бағытталған.

Электр және магнит тізбектеріндегі, сонымен қатар магнит өрісіндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді саны және сапасы жағынан оқып үйрену пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Студентті мамандыққа тікелей қатысы бар пәндерді оқып үйрену кезінде магнит өрісі, элетр тізбектеріндегі тұрақталған және өтпелі үрдісті сандық және сапалық жағынан қарастыру бағытында кездесетін сұрақтарға дайындау пәннің негізгі міндеті болып табылады.